«Біздің жасымыз он тоғызда ,біз бір адамның әйелі болуға дайынбыз». Жабық киінген қыздар казнет жұртшылығын дүр сілкіндірді
Желіде екі құрбының күйеу іздеп жатқаны туралы видео тарады. Олар бір адамға тұрмысқа шығатынын айтқан деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Олардың бұл мәлімдемесі жұртшылықты таң қалдырды. 19 жастағы құрбы қыздардың неге мұндай қадамға барғанын жұрт түсінбей әлек .
Бұл жарнама Neke сайтында пайда болды.
Онда қыздардың мұсылман жігітін іздейтіні, оның ұлты қазақ немесе кавказ болуы керектігі айтылған.
«Сәлима мен Айгүл. . Біз 19 жастамыз. Қазақ мұсылманына тұрмысқа шығуға дайынбыз. Ер адамның жасы 40-қа дейін. Ұлты қазақ немесе кавказ болуы керек», — деп жазды қыздар.