Айжұлдыз Адайбекова туған күнін өткізуге 5 млн теңге жұмсаған

Әнші, актриса Айжұлдыз Адайбекова 27 жасқа толды. Өнер иесі туған күніне 150 адам шақырып, 5 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. «Қателеспесем, менде 5 млн теңгедей қаражат шықты. Ақша қайтып келеді. Бірақ мұндай сәттер қайта келмейді. Жаңа жасымнан жаңа белестер мен жақсы нәтиже, бақытты болуымды және жақсы көретін адаммен қосылуымды тілеймін», — деді Айжұлдыз Адайбекова.

Айжұлдыздың айтуынша, ол туған күніне арнайы 5 қабатты тортқа тапсырыс берген.

«Естен кетпес кеш болды. 150 адам келді. Мен арнайы 5 қабатты тортқа тапсырыс бердім», — деп жазды Айжұлдыз.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

kaz.nur.kz