Теміртауда аяздан магистральдық су құбыры қатып қалды

Теміртауда аяздан қаладағы магистральдық су құбыры қатып қалды. Салдарынан қаланың шығыс бөлігіндегі 6 квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі, деп хабарлайды        Altyn-orda.kz         Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап 

Теміртау қаласының әкімдігі мәліметінше, оқиға орнында 8 бригададан құралған топ жұмыс істеп жатыр.

Диаметрі-300 мм магистральдық су құбыры қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі. Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 м.) сол жерде 8 бригада, 10 бірлік техника жұмыс істеуде. Мәселені қала әкімі бақылауда, — делінген хабарламада.