Салтанат Нүкенованың туыстары Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеді!
Астанадағы мейрамханалардың бірінде күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы YouTube-тегі «Ertysbaev Live» арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Қайрат Нүкенов Қуандық Бишімбаев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы керектігін атап өтті.
«Мұндай адам бостандыққа жүрмеуі керек. Бірер жылдан кейін шықса, тағы да қылмыс жасайды. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін түрмеде отырған. Ол сыртқа шығып, кісі өлтірді. Мұндай адам қоғамға қауіпті», — деді Нүкенов.
«Біз Бишімбаевтар отбасының қандай мүмкіндіктері бар екенін жақсы білеміз. Дәлел ретінде дегесін жуындырған кезде, бүкіл денені фото және видеоға түсірдік. Біз бүкіл денені түсірдік. Бас аймағында үлкен тесіктер болды. Мен оны өз көзіммен көрдім. Бүкіл денесі көгерген және сырылған . Соттың немесе тергеу сараптамасының шешімімен келіспейтін болсақ, онда бұл фотолар мен видеоларды дәлел ретінде береміз», — деді Қайрат Нүкенов.