Мұғалімдерге Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп алғызған
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа мектеп мұғалімі әнші Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп сатып жатқаны туралы жазған, деп хабарлайды Altyn-orda.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып
Алматы облысы Іле ауданының бір мектебінде жұмыс істеймін. Құдайберген Бекіштің концертіне бізге билетті қинап алдырып жатыр, — деп жазған желі қолданушысы.
Мұғалімдерге Іле аудандық білім бөлімінен беріп жатқанын атап өткен.
Осындай концерттер қашан бітеді? Құдайберген Бекіш, сіздің концертіңізге билеттер күштеп сатылып жатқанын білесіз бе? Әрине білмейсіз. 1000-2000 теңге билетң болса, бәлкім, үндемес едім. 10 мың теңгелік билеттерді мәжбүрлі түрде алғызу дұрыс емес, — деп жазды депутат.
Айта кетейік, әнші Құдайберген Бекіш «Ұйқым келмейді» бағдарламасына қонақ болып келіп, әкесі туралы естелігін бөліскен еді.