Антикор Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына іздеу жариялады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды. Бұл туралы Altyn-orda.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталының мәліметінше, іздестіру жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізеді.
Іздеу «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, Азамат Кәпенов – «Қазтеміртранс»АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.
