Апат болған жерге барып халық алдында жылаған жас министр елді сүйсінтті (видео)

Бұл туралы Айгүл Орынбек өз инстаграм парақшасында жариялады

Ол жерде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сулейменованың халық алдында көзін көтере алмай, жылап тұрған видеосы жарияланған 

Жаным ау, халықтың алдында көзін көтеріп қарай алмай, жылап тұр.

Отыз жыл басқарған жемқорлардың жүгін жалғыз өзің көтеріп тұрғандайсың.

Сағың сынбасын, Сен жалғыз емессің @zulfiya.suleimen

Бұл сыбайласқан жүйені тазалау мүмкін емес екенін білем. Бірақ берілме, қайтпа, көтер басыңды! Артыңда қолдаушы қалың ел бар және әпкең мен бармын.

Сен жылама, мойныңа осындай ауыр шоқпарды іліп қойған жемқорларды жылат!

Бүкіл жүйедегі былықтарды ашық айт, көрсет!

Нәзіктік танытпа, біздің ақшаға құнныққан жемқорлар сенің әйел заты, нәзік жанды екеніңе қарамайды! Өзіңнің әлсіздігіңді көрсетпе!

Кеше келген бұл қызда нелерің бар?
Шамаларың тек осы қызға жетіп тұр ма?- деген жазба қалдырған 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айгүл Орынбек (@aigulorynbek_kz)