Армения Алматыда өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды
Армения 21 маусым күні Алматыда өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Алматыда өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды»,- деді ол жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.
Армения осыған дейін де бірнеше рет өткен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысудан бас тартқан еді. 12 маусымда премьер-министр Никол Пашинян елдің ҰҚШҰ-дан шығу ниетін растады.
Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері 21 маусымда Алматыға СІМ Кеңесінің отырысына қатысу үшін келеді. СІМ басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқыламақ. Сондай-ақ олар ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде Қазақстанның басымдықтарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қарастырады