« Бір ауысымына 12 тонна ет өндіріледі » — Семейде ірі ет комбинаты салынады
2025 жылға қарай Семейде ірі ет комбинатын іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорын өнімін экспортқа және ішкі нарыққа жеткізетін болады. Инвестор «Евразия АгроХолдинг» болып есептелінеді , ол жер телімін алып үлгерді, деп хабарлайды altyn-orda.kz Atameken.kz сайтына сілтеме жасап.
Ет комбинаты Абай ауданындағы Чекоман ауылында орналасады.
Қаржыландырудың 30% өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады, қалған ақша РБК банкінен несиеге тартылады.
Жобаның құны шамамен 9 миллиард теңгені құрайды. Оны жұмыстың бастапқы кезеңінде жүзеге асырудың арқасында 250 жұмыс орны ашылады. Бұл ірі жоба экспорттан бөлек, ішкі нарықты етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа ет комбинаты мал союдан бастап экспортқа дейінгі барлық өндіріс процесін жүзеге асыратын болады. Ауысымына қуаттылығы 200 бас ірі қара малды және ауысымына 1400 бас ұсақ малды союға арналған желілері бар ет комбинатында сонымен қатар ауысымына 5 тонна шұжық цехы мен консервілеу цехы болады деп жоспарлануда . Бір ауысымына 12 тонна ет өндіріледі .
Сондай-ақ ет комбинатында мемлекет тарапынан қаржыландырылатын қосымша 4 жоба: қазандық, тазарту құрылыстары, электр желілері, су құбыры құрылысы жүзеге асырылатын болады, – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.