Дастан Сәтпаев Англияда матчтың үздік ойыншысы атанды

Фото: ФК Бернли

Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипіндегі «Бернли» – «Мидлсбро» матчында кездесудің үздік ойыншысы атанды. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Сәтпаев «Бернли» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, 80 минут ойнады. Қазақстандық футболшы алмастырылған кезде стадиондағы жанкүйерлер оны қошеметпен шығарып салды. Матчтан кейін оған Player of the Match жүлдесі табысталды.

Дастан Сәтпаев кездесуде белсенді ойын көрсетті. Ол 2 рет соққы жасап, 18 пастың 17-сін дәл жеткізген. Оның пас дәлдігі шамамен 94 пайызды құрады. Сонымен қатар 4 жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет допты сәтті тартып алды.

«Мидлсбро» 23-минутта Эйдан Морристің голынан кейін есеп ашты. Ал 54-минутта «Бернли» таразы басын теңестірді.

Бұл Сәтпаевтың Англиядағы жаңа маусымдағы төртінші ойыны болды. Ол Чемпионшипте үш рет, Англия Лига кубогында бір рет алаңға шыққан.

Қазақстандық жас футболшының Англиядағы матчта үздік ойыншы атануы – оның жаңа командаға біртіндеп бейімделіп келе жатқанын көрсететін маңызды нәтиже.