Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Тәжікстанды көкпардан жеңіп алдыға шықты

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан командасын жеңіп кетті  деп хабарлайды  Altyn-orda.kz  ақпараттық агенттігі 

Қазақстандық көкпаршылар ойынның алғашқы минуттарынан-а қ басымдық танытып, қарсылас қақпасына бірнеше рет салым салды.

Матч барысында ұлттық құрама ойыншылары жоғары жылдамдық пен жақсы командалық үйлесімділік көрсетті.

Тәжікстан құрамасы есепті қысқартуға тырысқанымен, Қазақстан командасы кездесудің соңына дейін бақылауды өз қолында ұстап, ірі есеппен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы мүмкіндігін тағы бір мәрте көрсетіп, көкпардан басты фавориттердің бірі екенін аңғартты.

Қазақстандық спортшылар алдағы кездесулерде де жеңісті жолын жалғастыруға ниетті.