«Ішіндегі нәрестесі де аман қалмаған»: Түркістан облысында төрт баланың анасы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Түркістан облысында перзентханаға барған төрт баланың анасы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Туыстарының айтуынша оған дейін әйел денсаулығына шағымданбаған деп  Tengrinews.kz порталы

Көз жұмған Лаура Жүсіпованың туған інісінің айтуынша, ол биыл 12 наурызда Сарыағаш қаласының перзентханасына барған.

«Күйеуімен бірге үш ұл тәрбиелеп отыр. Төртінші баласы бірнеше жыл бұрын жан тапсырған, ол қатты ауырған еді. Лаура қызды болуды қатты армандады. Босанатын уақытта күйеуімен бірге перзентханаға барды. Жолдасы оны палатаға алып барғаннан кейін жібермеген. Ол онымен таңғы 6-ға дейін сөйлескен, ол дәлізде системамен жүрген. Таңғы 7-де жұбайы оған тағы қоңырау шалған, бірақ телефонды алмаған. Сағат 7:30-да да телефонды алмаған. Таңғы сағат 8-де оның нөмірінен бір адам қоңырау шалып, «ауруханаға кел» деген. Ол әйелі босанды деп ойлаған. Ол барған, ақшасын дайындап қойған. Ауруханаға барса, оны дәрігерлер қоршап алып, «көңіл айтамыз» деген. Жездем «қалай?» деген. Ол шошып кетіп, ештеңені түсінбеген, сене алмаған. Ол оны өзі апарды, ол өзі ауруханаға барды», – деді перзентханада қайтыс болған әйелдің ағасы.

Туыстарының айтуынша, Лаура ешқашан денсаулығына шағымданбаған, әрдайым уақытында тексерілген. Өйткені оның медициналық білімі бар.

 

«Жүрегі» дейді. Бірақ ол ешқашан жүрегіне шағымданбады. Ол өзі де дәрігер, барлық медициналық жайтты біледі. Олар «қан ұйыған» дейді. Оны үйге әкелген кезде денесінде, иек пен мойын сүйегінде көгерген іздер табылды. Күйеуінен сұрадық, ол менің әпкеме ешқашан қол көтермегенін айтады. Сондай-ақ, олар менің анаммен бірге тұрды. Ол ешқашан мұндай нәрсені байқамаған. Көгерген жерлер қайдан шыққаны бізге түсініксіз», – деді Талғат Жүсіпов.

Лаураның нәрестесі де аман қалмаған. Үш бала анасыз қалды. Ол 35 жаста еді. Марқұмның туыстары АІІБ-ге арыз жазған.

«Қазір бұл жағдай бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Әйелге патологиялық тексеріс жүргізілді. Туыстарының талабы бойынша сот-медициналық сараптама жүргізілді. Тексеріс толық аяқталғанын күтеміз», – деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.