«Израиль кибершабуылы»: Ливанда бір уақытта 5 мыңға жуық пейджер жарылып, бірнеше адам қаза тапты

Ливанда Хезболла мүшелерінің 5 мыңға жуық пейджері жарылып, сегіз адам қаза тапты. Тағы 3 мыңға жуық адам жарақат алған. «Хезболланың» анонимді өкілдері құрылғылардың жарылуын Израиль әскери күштерінің кибершабуылынан көріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап хабарлайды

Пейджерлердің жарылысы туралы хабар Ливанның оңтүстігі мен Бейруттың Оңтүстік аймақтарынан келген. Жарылыстың барлығы бірдей уақытта болған. Сондай-ақ 30 минутқа дейін жарылыс дауыстарын естіген. 

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі жарылыста 8 адам қаза тауып, тағы 2750 адам жарақат алғанын жеткізді. Қазір зардап шеккендердің 200-ден астамы ауыр жағдайда. Хезболла мүшелерінен басқа ливандық дәрігерлер де зардап шеккен.

Хезболла шенеуніктері пейджерлер Израиль әскери күштерінің кибершабуылынан бұзылып, жарылғанын жеткізді. Айтуынша, бұл Израильмен бір жылға жуық соғыс кезіндегі қауіпсіздіктің бұзылуының ең жоғарғы деңгейі.

Ал оқиғадан кейінгі ресми мәлімдемеде Хезболлаға тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды. Израильді тікелей айыптамаған. Израиль билігі де бұл жайтқа әлі түсініктеме берген жоқ.

Хезболла мүшелері Израильдің кибершабуыл арқылы хабарламаларды көрмеуі үшін, смартфондарды емес, пейджерлерді белсенді қолданады.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардан сымсыз байланыс мүмкіндіктері бар гаджеттерге жақындамауды сұрады.