«Қабырғалары қираған, сылағы түскен»: Алматыда оқушылар білім алатын ең қорқынышты мектеп табылды (видео)
Блогер Жанар Құсайынова желідегі парақшасында Алматының орталығында орналасқан мектептердің бірінің жағдайы адам шошырлық екенін айтты. 1960 жылы салынған оқу ордасында әлі күнге дейін оқушылар білім алып жүр. Өкінішке қарай, мектеп директоры жыл сайын күрделі жөндеуден өтеді деп сендіріп келеді екен. Соңғы рет мектепке құрылыс жұмыстары 1995 жылы жүргізілген. Stan.kz тілшісі №73 мектеп-гимназиясының директоры Гаухар Бокишевадан мән-жайды толығырақ сұрады
Бұл мектеп Алматының шетінде емес, іс жүзінде орталықта – Бостандық ауданында, Радостовец-Бәсенов көшелерінің қиылысында орналасқан. Оқу орнының басты көшеге қарайтын ғимаратында азды-көпті жөндеу жұмыстары жүргізілгені байқалады. Алайда мектептің артқы жағында жағдай тіпті нашар.
Себебі қабырғалары қираған, сылағы түскен. Опырылуға шақ тұр. Кіреберістегі баспалдақтар сынған, кейбіреуінде мүлдем жоқ. Кеңестік дәуірде жасалған терезе жақтаулары, үлкен желдеткіш құбырлары тот басқан, саңылауларға толы. Мұны видеодан және 2GIS картасында жарияланған фотолардан көруге болады.
Фото: 2GIS
Фото: 2GIS
Фото: 2GIS
Мектептің ресми сайтында оның құрылған жылы – 1960 жыл көрсетілген. Осы жылдар ішінде мұнда бірде-бір рет күрделі жөндеу болмаған көрінеді. Ең сорақысы, балалардың осындай қорқынышты жағдайда оқуын жалғастыруы.
Ал мектеп директоры Гаухар Бокишева 1 ай бұрын қала әкімінің бұйрығы шыққанын айтып, күрделі жөндеуге бірінші тоқсанда кететінін айтты.
«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың мектепті күрделі жөндеуден өткізу туралы қаулысы шығып қойды. Мүмкін оқу жылының бірінші тоқсанын аяқтаймыз немесе күн жылы кезде құрылысты бастап кетеміз. Жөндеу жұмыстары туралы баяғыда-ақ шешіліп қойған. Мемлекеттік сараптамадан өтілген. Ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы қолымызда бар. Жөндеу басталғанда оқушылар жақын маңайдағы мектептерге уақытша ауыстырылып, бөліп тастайды. Оқу ордасында құрылыс кейінгі рет 1995 жылы жүргізілген. Қазір білім кешенінде мың бала оқиды. Ата-аналарға алдын ала түсіндіру жұмыстары өткізілді. Бәрі біледі…», – деді мектеп директоры.
Алайда ата-аналардың бірі құрылыс басталмай тұрып, баласын басқа мектепке ауыстырған. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарын былтыр бастамай, оқу жылының басында бастағанын айтып наразы болды.
«Екінші тоқсанда балаларды уақытша көршілес мектептерге ауыстырады, ал мынау жабылады деп айтты. Бірақ біз бірінші тоқсанды осы қираған жерде аяқтағымыз келмейді, бұл қауіпті. Біз бірден басқа мектепке ауысамыз деп шештік. Неге олар өткен жылдары ештеңе істемеді? Кем дегенде осы жазда бастап кетуі керек еді?» – деді ата-ана.
Мектеп күзетшісінің сөзінше, жақын арада ғимарат 1,5-2 жылға жабылады. Негізгі ғимарат қалдырылып, сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп, ұзартқыш бұзылып, орнына жаңасы салынатын көрінеді.
Қала әкімі биыл наурыз айында Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде №73 мектепті сейсмикалық күшейту жұмыстары және 450 орындық жаңа ғимараттың ұзарту жұмыстары басталады деп уәде берді. Ол осы жылғы халықпен кездесуінде құрылысты 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отырғанын мәлімдеген. Шенеуніктердің өздері мектепті қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп қойғанын, бірақ әлі жұмысқа тендер өткізбегенін айтады.
@novostikaz #казахстан #токаев #минпросвещения #школы #школыалматы #акиматалматы #досаев ♬ A.Vivaldi The Four Season, Summer Presto; Tempo Impetuoso — AllMusicGallery