Қазақ – Ақтөбе жерінде бастау алған ба ?!

Абыздарымыздың сөздігін ашсақ...
«Елек қазақтың ілкі өзені» деген — қазақ мифология ғылымының негіздерін қалаған Серікбол Қондыбай гениіміз. Ілкіміздің тылсымдарын кең қоғамға ашуға жақындаған бүгінгі жүзжылдықта — Мәшхүр Жүсіп Көпейұлы, Сәрсен Аманжолов, Әлкей Марғұлан, Олжас Сүлейменов, Едіге Тұрсынов, Сейдімбек Ақселеу, Таласбек Әсемқұлов, т.б. Бәрін айтпағанымды кешірерсіз, кейде өзіміздің генийлерімізді танымайтын халге жеткен халықпыз… Жол көрсететін абыздарымызды жоғалтып, ғасырларда адасып, жетімсіреген халық болғанымызға төрт мың жылдай уақыт өтті – б.д.д. 1900 жылдары Ұлы Тұран құлап, шам сөнді. Мыңжылдық құрғақшылықтан, бір-екі-үш буындардың әлсіздігінен, бірлікті жоғалтқаннан.

Ата тіліміз – қалды. Жараланған күйінде де көзіңді ашады.
С.Қондыбай Ақтөбе өңірін эпостың ең көне жырларын тудырған орта болған екен деп жазады (Шығармалар 4том 384б.). Әлем халықтарының кейбір көне жырлары да соны айтып тұрған секілді…
Міне, Тұранның Елек өзені бойынан апатты замандарда көшкен «кушика (қазақ) халқының го тама руының» (тексте солай –Т.Қ.) абыздары қазіргі үнділік болып қалған «Ригведада» айтыпты-ау (орыс аудармасында) :

«На четыре четверти размерена речь,
Их знают жрецы (абыздар! – Т.Қ.), которые мудры.
Три тайные сложенные (четверти) они не пускают в ход.
На четвертой (четверти) говорят люди»…
Бұл текстің түйіні — халық әр сөздің көп болса тек 25%-ды мағнасын біледі екен!.. Мысал үшін М.Ж.Копейұлы ел аузынан жинаған әдебиет үлгілерінің бірі «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» әфсананы қарайық. Тексте «Шыңғыстың шын ұлын да көріп едім» дегенді оқып, жалпы оқырман әдетті ортағасырлық әңгіме-ми-қалғуына кіреді ме… Бірақ, басында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» делінеді, бұндай сөздер алғашқы замандарды көр-се-те-ді!.. Сосын тексте: «Тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі екен… Сол заманда қырық ханның бірі болған қызыл Арыстан хан Бұқарада хандық қылған екен»…
Бұл Тұран заманы ғой!
Бүкіл тексті талдамай, айтатынымыз әйгілі Ригведа текстіндегі Яма, ирандық Авестада Тұран патшасы Йима, балтылықтарда Имир, Фирдоусидің «Шахнамасындағы» Джем патша, бұлғар жылнамасы «Джагфар тарихында» Тұран (Идель) мемлекетін құрған Джам патша – біздің Майқы!.. С.Қондыбай да шығармаларының бірінші томында жазады-ау, осы Яма-Йима-Имир-Майқы бір образ деп (Алматы.2008.54бет)…
Жанама ат қою дәстүрін білеміз, Тұранда қалай болғанын бұлғар жылнамасы айтады: «…в одном месте алпа (первого духа) Бир Гюна (Бір Күн) называют Бай Тереком, в другом – Кара Багом, в третьем – Джамом, в четвертом – Кыш Тарханом, в пятом – Кермесом, в шестом – Ауданом, в седьмом – Маром, в восьмом – Рыштау, в девятом… Но все (во время сборов) должны молиться одинаково»!.. Көнеде Тұранда болған Русьте Бір Күнді «Бог Перун» депті, литвалықтар — «Перкунас», латыштар – «Перконс»…
Шежірелердегі Майқының есімдерінен мысалдар…
Қазақтың кіші жүздегі жетіру одағының арғы атасы Арғы Мақ ((Алғашқы Мақ («Қасқыр») – Т.Қ)). Бұған қарағанда — туғанда Мақ деп атанған, сосын жанама аттары құйылған. Бұлғар жылнамасында: «…волка нельзя было называть его именем «Мак», поэтому булгары называли его «Кара», «Буре» и т.д.».
2014 жылы Алматыда шыққан «Майқы би» кітабының 17 бетінде Іле халық баспасында 1990 басылған «Қазақ шежірелерінен» үзінді: «…атанған Махмұт дана болып Майқы».
Үйсін шежірелерінде Жұмай (Жұман, Жұмабай) және Майқы бар. Міне, «Шежіре. Қазақтың ру-тайпалық құрылымы. А. Рауан баспасы. Редактор БаишеваС. 1991. 100000 тиражы» 12 бетте: «Ақарыстан – Жұмабай. Жұмабайдан — Кейкі би. Кейкі биден Төбе би. Төбе биден –Қойылдыр, Қоғам, Майқы би, Мекірейіл». С.Қондыбай шығармалырының 1 том 58 б.: «Екі бейнелі Жұмай (Йымай) немесе Майқы — үндіирандық Яма-Йиманың және скандинавтық Имирдың тікелей параллелі».
Майқы татар, башқорт, өзбек, ноғай, мадияр, қарақалпақ, құмық, т.б, халықтардың шежірелерінде бар. Тұраннан тараған елдер ғой, ұмытып кеткені қаншама дейші…
Майқыға арналған жер, су аттары…
Лондондық профессор Мэри Бойстың «Зороастрийцы. Верования и обычаи» деген 1985 жылы Москвада шыққан кітабында Тұран патшасы Йима және оның жолын қуған Зороастр (Жарастыр) пайғамбар Еділден («река Волга») шығысқа қарай кететін Ұлы Даланың тұрғындары болды деп жазылады. Академик Мирфатых Закиев «Татар халқының тарихы» кітабында Зороастр түркі халқының өкілі, туғанда берілген аты Жарастыр дейді. Жарастыр болса «Авестаның» текстінде өзім спи тама тайпасынанмын деп ақпарат қалдырады. Тамалар бүгін де осы Елек бойында өмір сүреді. Философ А.Қасымжанов қазақ жерінде туған Зороастр зороастризм дінін қалаған тұлға деп, зороастризмнің негізінде иудаизм, христиандық және исламның пайда болғанын көрсетеді (А.Қасымжанов. Рухани тамырлар//Қазақ.А.1994).

Ия, Майқыға арналған жер, су аттары бұнда қалды ма екен?
«Ақтөбе» энциклопедиясының картасында Қобда өзені жақтан Елек өзеніне келе жатқан, ертеде өзі де өзен болған, Майқысайды көресіз!.. Қасында Майқыбұлақ бар, Мақ-Бал-сай да. Бал — Майқының ұрпағы, Тұранның қағаны, бұлғар жылнамасында көрсетілген. Бал туралы: «Диодор Сицилийский писал, что «в числе потомков первого царя скифов (Майкы?) были братья Пал (Бал) и Нап. Потомки этих царей, подчинили себе обширную страну за рекою Танаисом (Доном) и распространили свое владычество до египетской реки Нила (II.43.Вестник Древней Истории.1947.с.250-251)». Бал қазақ мұрасында бар екеніне тағы бір үзінді:
«Балдың көп дүр ұрпағы,
Үйсінді жоқ ұрмағы,
Ондай ел өскін келеді,
Оның жоқ дүр құрмағы,
Қон, Рат, Қып, Шақ, Болданды
Жоқ демеңіз болғанды» (Табын.А.2006. «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы)…
Ия, Елек-Қобда бойларында ежелден бүгінге дейін қартқазақтың (жетіру) табын, тама тайпалары тұрады – Арғы Мақ-Майқының ұрпақтары. Жер, су аттарын сақтаған. «Қазақ» сөзінің алғашқы белгісі «тарақ» (трезубец) таңбасын сақтаған — жергілікті құлпытастарға қараңыз…
Міне, Нығмет Мыңжанның 1994 жылы Алматыда шыққан «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабының 24 бетінде: «…кіші жүз алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейт, табын, тама, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары «қартқазақ» деп те аталып жүрген. «Қазақ» атауы кейін келе кеңейіп халық атына, ұлт атына айналған».

Қазақ кириллицасының авторы Қазақстан Ғылым Академиясының мүше-тілшісі Сәрсен Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» 1997 жылы шыққан кітабының 54 бетінде осы жетіру туралы жазылады: «Карт-казак, прозванный потом Жетыру». 343 бетінде автор қазақ тілінің адамзаттың алғашқы замандарында да болған екенін айтады!.. Мысалы, кейбір сөз тіркестер (қарным ашты, ол мені көзіне ілмеді, оның сөзіне құлақ аспады, т.б.) алғашқы замандардан келді деп.

Сүйтіп сөздердің тууының дәуірлерге бөліп зерттейді, талдай бастайды!.. Ия, «казахский язык начался с первобытных времен!» деп жазған лингвистке не болады, 1958 жылының 28 қаңтарында? Со күні бітіріп, баспаға көрсеткенде…
Алты күнде өлтіріпті – Академиядан қуып, пединституттан босатып, «казахский националист!» деп жиналыстарда айыптап, өзіне сөз бермей – ешқашан ауырмаған ғалым бір мезгілде ұрған инфаркт пен инсульттан қайтты.

Қағаздары құрдымға кетті. Баспадан шыққан кітаптары — цензурадан өткен мұхиттың тамшылары! Туған халқының ілкі замандары туралы ақпаратты туысқандарына жеткізе алмады… Ақымақты формулды заманы-ай – «…казахи на-ча-лись в XV веке!»… Ежелгі адамзаттың көшбасшысын ұмыттыру. Тұранның он үш мың жылы жер жүзінде асыл ізін қалдырды: қазақ таңба Азия, Еуропа, Африка елдерінің элиталарының таңбасына айналды – Интернеттен көріңіз («Под знаком трезубца»)…
Қазақ абыздарының ең соңғы сирек-сирек шептерінің өкілі М.Ж.Көпеевтің баспаға берген бірнеше кітаптары да жоғалған. Ә.Марғұланның да кейбір туындылары жоғалды, түрмеде де ғалым азап көріп отырды, құдай сақтап ғылымда қалды. Түркінің ежелгісіне тереңдеген Е.Тұрсынов бірнеше жыл ауыр халде жатып, ептеп оңалып түркологияға тағыда үлесін қосты. С.Қондыбай авариядан соң тоғыз жыл төсекте болып, қазақ мифологиясы ғылымының негіздерін қалады.

…Ия, Ақтөбе облысының картасында Арғы Мақ бабамыздың тағы бір атындағы Жем өзені бар, Ембі қаласы да. Уикипедияда «Жем өзені» мақаласы болса да атауының мағнасын бермеді. Википедияда «Река Эмба»: «в казахском имеется два варианта названия… Ембі и Жем. Ембі от огузского (долина пропитания). Жем от кыпшакского (пропитание)»… Азық. Ия, «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» әфсанада да он екі жасар Алаша Майқы бимен «Ассаламағалейқүм, хан атаулының қазығы, қара бұқараның азығы» деп амандасады. Халықтың рухани азығы екен – абыздар!.. Бүгін халық аш, абыздарымыз жоқ деуге болады, тура жолды көрсететіндер қайдасыңдар-ау?!

Екінші жағынан, «қазық» және «азық» сөздері «қазақ» сөзінің жанамалары. Бұлғар жылнамасында жазылады, Тұран (Идел) мемлекетін басқарған абыздар өздерін, өзінің тайпасын және абыздардың қолындағы тарақ (трезубец) түріндегі асатаяғын «қазақ» депті. Бірақ абыз еместерге бұл сөзді айтуға тыйым салынған, орнына жанама сөздер қолданылған: қазаяқ, қазық, азық, қазан, қасоғ, қасақ, сақ, шақ, қыпшақ, қас, ас, аш, баш, башқорт, аз, азери, оз, ос, осман, озбек, огыз, кыргыз, т.б.

Жылнамада айтылады, «қазақ» сөзінің, «тарақ» (трезубец) таңбаның бірінші мағналары «күннің нұры», «күннің өзі» және «Тәңір» болған.
Қай заманда Тұран қағаны Майқы Адамзаттың Алтын Ғасырын құрған?
Мэри Бойстың пайымдауынша Йима патша тас ғасырында өмір сүрді. Үнділердің мұрасында Йима өмірінде мұздықты өткізген тұлға. Біраз халықтардың мұрасында далалық малшылардың патшасы Йима Адамзаттың Алтын Ғасырын бастаған адам және одан соң болған бәр пайғамбарлардың Бірінші Ұстазы. «Йима» өзіміздің сөзіміз екенін түсіну үшін «оның көңілі иідіні» еске алсаңыз – «Иітуші» ғой…

«Джагфар тарихы» жылнамаларын құтқарған Ф.Нурутдинов абыздық Дуло (Дулат – Т.Қ.) династиясынан шыққан Джам б.д.д. 14953 жылы Тұран (Идел) мемлекетінің бірінші патшасы болды дейді. Бағдар ретінде бұл дата жарайды.
Ақтөбеде өткен екінші Арал-Каспий конференциясының мәліметтерінен: Үстіртте мұздық дәуіріне жататын тастан жасалған мал қоршаулары табылды (МагомедовМ. и др. Каспийская Атлантида//Научная мысль Кавказа. 1994.4)…

Ия, сол уақытта каған Майқы Батыс Сібір мұздығы ери бастаған кезеңдердің бірінде Алашаны Ұлы Даламыздың шығысына жібереді, жер кебіп жатыр, тұрғындарын көбейтіңіз деп. Бұған дейін халқымыздың көбісі Даламыздың батысында тұрса (А.Сейдімбек. Қазақтың ауызша тарихы), енді Сары Арқа мен Жетісуға да көш ұмтылды. Елек, Қобда бойларынан көшкен үйсіндер жаңа қоныстанған өзенін Іле деп атады-ау. Үш жүз атандық. Алаша Қазақ хандығының бірінші ханы ретінде ақ киізде көтерілді.

«Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атандыда» айтылады, Алашаға дейін де қазақ халқы өмір сүрді, тек өз хандығы болмады деп. Бұл — Тұранның мемлекетқұрушы халқы болғанынан. Әне Ресейде орыс халқында да өз республикасы жоқ, көрдіңіз бе? Ежелден мобильді аңшылар, малшылар, әскери, абызды, шебер кендігер қобан қазақ Тұранның цементі болған.
Со туралы әңгіме — алда!
Майқы қағанның өсиеті бүгін де ескермеді: «Хан әділ болса басынан бағы таймайды, халық табанды болса қара жерден кеме жүргізеді»!

Жалғасы бар…
Төреғали Қазиев, зерттеуші-жазушы.

Қобыланды батыр мемориалынан жиырма шақырымда орналасқан Егінсай ауылында 18.07.1948 жылы туған. Орымбор ауылшаруашылық институтын бітірген. Агроном-экономист. Совхоз, ПМК, газет редакцияларында істеген, Ақбұлақ поселкі мэр орынбасары, тарихи-мәдени ескерткіштерін зерттейтін маман, КСРО Журналистер Одағының мүшесі болған. 1989 – 2007 жж. Орымбор облысының Ақбұлақ ауданында қазақ-татар ұйымының төрағасы, Орымбор облысы қазақтарының бірлестігі төрағасының орынбасары, басқарманың мүшесі, қосалқы төраға.

1991 ж. апрельде өткен КСРО түркі халықтарының сиезінде түркі жаңғыртудың бейбіт жолды делегаттарын басқарған, түркілердің ешқандай революция-соғыстарға қосылмайтынын қорғаған. 1992ж. Алматыда өткен әлем қазақтарының бірінші құрылтайына қатысқан. 2007ж. Ақтөбеге көшті. Он кітаптың, орыс тілінде шыққан, авторы, қазір ата тілде «Қазақнама» кітабын жазуда. 2018ж. Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет Грамотасымен, 2019ж. Бөкенбай батырдың медалімен наградталған.
Ақтөбе. 09.04.2023ж.