Қазақстанда жылу, су тарату және бұру желілерінің 53%-ы тозған

Қазақстанда орташа есеппен алғанда жылу, су тарату және су бұру желілерінің 53%-ы тозған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарына сүйене отырып. 

“2015-2022 жылдар аралығында әртүрлі қаржыландыру көзі жылу жүйелерінің құрылысы, реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарына 344 млрд теңге бөлді. Соның арқасында 3 667 шақырым инженерлік желі салынып, жаңартылды. Осылайша, жалпы тозу деңгейі 65%-дан 53 пайызға дейін төмендеді. 2022 жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті 51%-ға дейін төмендетеміз деп жоспарлап отырмыз”, – дейді министрлік хабарламасында. 

Тозған нысандар көрсеткіші кейінгі жеті жылда 13%-ға төмендеген. 

Республикалық дағдарыс орталығы және жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сенсек, биыл жылыту маусымы басталғалы бері Қазақстанда 26 апат болған. Олар: 

– автоном істейтін қазандықтарда – 2 (Ақмола және Алматы облыстарында);

– жылу беру желілерінде – 11 (Жетісу – 1, Қарағанды – 7, Павлодар – 1, Астана-1, Алматы-1);

– су беру желілерінде – 13 (Абай – 1, Ақмола – 2, Алматы – 1, ШҚО – 1, БҚО – 1, Қарағанды – 1, Павлодар – 1, СҚО – 2, Ұлытау – 1, Астана-2).

Тегтербұру желі