Қазақстандық оқушылардың жұмыстары АҚШ-тағы әлем чемпионатының төрешілерін таң қалдырды
Қазақстандық оқушылардың жұмыстары АҚШ-тағы әлем чемпионатының төрешілерін таң қалдырды
Қазақстан оқушылары FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинация бойынша жүлдеге ие болды.
Жарыс Американың Хьюстон қаласында өткен.Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін Core Values Award ерекше марапатын иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды.
Айта кетейік, робототехника бойынша бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.