Қазақстандық триатлоншылар Азия чемпионатында екі алтын алды

Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Жас қазақстандық спортшылар бірден екі алтын медаль жеңіп алып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап шықты .
U17 санатында сынға түскен Рамазан Айнегов «суперспринт» қашықтығын 00:25:49 уақыт көрсеткішімен аяқтап, қарсыластарынан озып шықты.
Ал U15 санатында өнер көрсеткен Ясмина Бузуртанова өз дистанциясын 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін үлкен серпін болды. Алда біздің спортшылар эстафеталық жарыстарда да жүлде үшін күреседі.










