«Қажылықтың қадірін кетірме!»: Айгүл Елшібаева Құралай ханымға талап қойды
Мұсылманшылық осы екен деп, тікелей эфир арқылы Меккеден бата беріп отыр екенсің. Қазақта қатын халыққа бата бере ме? Дін деген жарнама, мақтаныш, рия деп түсінгенді қашан қояды екенсіңдер?!
Белгілі әнші Айгүл Елшібаева Меккеде бес парызының бірін өтеуге барған психолог Құралай ханымға “халықтан кешірім сұра” деп талап қойды. Өнер иесі елге қара магияны үйреткен психологтың кесірінен талай шаңырақ шайқалғанын айтып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Айгүл Елшібаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Онда әнші Құралай ханымның кесірінен талай отбасының шырқы бұзылғанын айтқан.
Оған дәлел ретінде өзіне жолданған хаттарды да көрсетіпті. Елшібаеваның айтуынша, психолог елге қара магия мен дуаны үйретіп, қалтасын қампайтқан.
«Маған оқырмандарым дайректке хат толтырып тастапты. Сиқыр, қара магияны үйреткен Құрапам Меккеде жүр дейді. Алла тура жолға бастасын, сені. Қаншама елге үйреткен ширік пен асылық істеріңді Алла кешірсін! Теріс оқуды үйретіп халықтан жинаған ақшаңды мұсылманшылыққа салған сауабыңның оң не теріс екенін Алла біледі ғой. Меккеге барсам істеген күнәларымды ел кешіреді деп ойлама. Құрапа, кезекті айлаң болар, мантра айтқызып, молдалар жабылғанда, Алланың көркем есімін жаттаймыз деп, ақыр аяғында абжатыңды теріс жаттатып елді адастырып едің. Қасиетті Меккеде отырсың ғой, менің айтқаным дұрыс екенін, абжатты Бердияр қаридан алып теріс үйреткеніңді мойында. Енді ондай гипноз шамбалы, 40 күндік дұға, «рецепт счастья», Сюцай-буддизмді насихаттап, буддистердің иогасы, Тектану деп ата-бабаның суретіне иілу, Правдинаның мантрасын, буддизмнің чакрасын насихаттауды қойдым, елді адастырдым, — деп жаз. Бұл Исламға жат екен деп, халықтан кешірім сұра», — деп жазды Айгүл Елшібаева.
Бұдан бөлек әнші тікелей эфир арқылы бата берген Құралай ханымның әрекетін сынады.
«Мұсылманшылық осы екен деп, тікелей эфир арқылы Меккеден бата беріп отыр екенсің. Қазақта қатын халыққа бата бере ме? Жасы үлкен, көп жасаған кейуана емессің. Қазаққа аты шыққан данагөй қарт, тура жолға салған ел анасы емессің, адастырғаның болмаса. Қажылықтың қадірін кетірмеші, Құрапа. Қажылыққа 100-рет барған имам да бұлай бата бермеген шығар. Дін деген жарнама, мақтаныш, рия деп түсінгенді қашан қояды екенсіңдер?!» — деді әнші.