Ләйлә Сұлтанқызы: «Мен Flyarystanның үстінен арыз жаздым!»

    Журналист, қоғам қайраткері  Ләйлә Сұлтанқызы   инстаграм парақшасында Flyarystan әуе компаниясының үстінен арыз жазғанын мәлімдеді .

Оған себеп  FlyArystan ұшағында жарақат алғанын туралы желіде бөлісті. Бұл оқиға Шымкент-Астана бағытындағы KC7326 рейсінде болған деп хабарлайды Altyn-orda.kz 

«Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім.
Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ.

Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті» -деген жазба қалтырған  .

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)