«Махаббат ұлт талғамайды»: Өмірлік бақытын өзге ұлттан тапқан отандық шоу-бизнес жұлдыздары кімдер?
Махаббат жасқа қарамайды, ұлт талғамайды. Осындай ұстаныммен өзге ұлттың өкілін өмірлік серік еткен қазақстандық шоу-бизнез жұлдыздары жетерлік. Stan.kz ақпарат агенттігі дайындаған келесі тізімге назар салыңыз.
Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша да аталмыш тізімде көш бастап тұр. Аиша сұхбаттардың бірінде өзінде өзбек, орыс, хассақ сынды үш ұлттың қаны барын айтқан. Алайда бұл ғашықтың қосылуына еш кедергі болмады. Бүркіттің ата -анасы алғашында келіндерінің өзге ұлттан болғанына қарсылық білдіргенімен, жұлдызды жұп махаббаттарын дәлелдеді.
Бүркіт пен Аиша
Мәскеуде туып, Душанбеде өскен тәжік ұлтының өкілі Парвиз Назаровтың да жары — қазақ. Өнерпаздың таңдауы Әлия есімді қазақ қызына түскен. Продюсерлікпен айналысатын Әлия Есенова мен әнші Парвиз Назаров өнерде де, өмірде де бірге.
Парвиз бен Әлия
Көп түрлі ұлттың қаны араласқан адамды сүйіп қалған Мақпал Исабекова да бүгінде асыл жар, аяулы ана. Өнер иесінің сүйіктісінің ұлты – еврей. Әнші күйеуі мен отбасылық өмірін құпияда ұстайтын жандардың бірі. Жақында Теодор есімді ұлын көпшілікке таныстырған өнер иесі баласында алты ұлттың қаны барын жасырмады. Алайда ұлының ұлтын жария қылудан бас тартты.
Мақпал мен Радион
Әлемді мойындатқан қазақстандық боксшы, дүние жүзінің әр түкпірінен жанкүйер жинаған Геннадий Головкин де қазақ қызын жар етті. Танымалдықтың шыңында жүрген әйгілі спортшының жүрегін Алина есімді қарағандылық бойжеткен жаулаған. Алинаның әкесі қазақ болғанымен, анасы татар ұлтынан. 2007 жылы отандасқан ерлі -зайыптылар бүгінде екі ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр.
Геннадий мен Алина
Лана лақап атымен танымал қазақстандық скрипкашы Қорлан Күнсеркина сегіз қырлы, бір сырлы армян жігіті Константин Саркисянға тұрмысқа шықты. Олай дейтініміз, армяндық күйеу бала психолог, жазушы, сценрист тіпті режиссерлікпен де айналысады. Мәскеуде тұратын ерлі- зайыптылар бүгінде екі перзент тәрбиелеп отыр.
Лана мен Константин
Цирк өнерпазы Мұрат Мұтырғанов өмірлік серігін орыс ұлтының қызынан кездестіріп, Алесямен шаңырақ көтерді. Өнер иесі сұхбаттарының бірінде, қазақылық өзінен көрі жұбайы Алесяның бойынан көбірек байқалады деген еді. Өткен жылы ерлі-зайыптылардың екінші перзенті дүниеге келді.
Мұрат пен Алеся
Махаббаттың ұлт талғамайтынын дәлелдеген тағы бір жұп – отандық әнші Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Лилуя. Бұл – әншінің екінші некесі. Жұлдызды жұпқа жас айырмашылығы да, ұлттың өзгешелігі де еш кедергі емес. Күйеуінен он бес жасқа кіші Екатерина да қазақы салт-дәстүрді бойына сіңірген қазақ келіні.
Сейфуллин мен Екатерина
Орыс ұлтының жігітімен көңіл қосқан әнші әрі актриса Фариза Ескермес те жеке өмірін жария қып, көптің сынына қалған болатын. Өнер иесі өзінен қарағанда сүйіктісі Андрейдің Исламға жақын екенін айтқан. Махаббат хикаясымен де бөлісіп үлгерген ол желіде бірге түскен суреттер мен бейнежазбаларын жариялайды. Тіпті сүйіктісін «көккөзім» деп еркелететін көрінеді.
Фариза мен Андрей
Белгілі әнші Кенталдың да таңдауы өзге ұлттың аруына түскен. Милана – түріктің қызы. Некелескен соң күйеуінің тегін алған оның құжатында Кенжеболатова деп жазылған. Ерлі-қайыптылар бүгінде асықтай Азамат есімді ұлдың ата-анасы.
Кентал мен Милана
Аталмыш тізімдегі жұптар “Махаббатта ұлт жоқ” деген ақиқатты растайды. Мұхтар Шаханов айтқандай, махаббат– екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы. Әлемдегі ең ұлы сезім деп бағаланатын махаббатпен бірге сыйластық пен сенім қатар жүрсе болғаны.
Бұған дейін жас айырмашылығына қарамастан сүйіп қосылған қазақстандық шоу-бизнестегі жұптар туралы жазған болатынбыз.