Нұрлан имам әнші Алтынай Жорабаеваның қызына азан шақырып, есім қойды (фото)
Әнші Алтынай Жорабаева бірнеше күн бұрын бесінші сәбиін өмірге әкелді. Өнер иесі қызына Нұрлан имамның азан шақырып, есім қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. «Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан имам жетінші күн дегенде «Зерек болсын» деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз», — деп жазды Алтынай Жорабаева Instagram
Айта кетейік, Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды көпшілікке Гүлнұр Оразымбетова жеткізді. Кейінірек әншіні жақындары перзентханадан шығарып алды. Сонымен қатар Алтынай Жорабаева бесінші перзентіне Амина есімін таңдағанын да айтты.