Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен ірі көлемде пара алды деп айыпталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-депутат Нұржан Әлтаевтың қандай күдікке ілінгенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша Нұржан Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстағанын мәлімдеді.
“Н.Б.Әлтаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде жүйелі негізде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И.Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенеді. 2018-2020 жылдар кезеңінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқара отырып, ол А.И.Мырзахметовтың мүддесі үшін әрекет етіп, оның ұйымына мемлекеттік тапсырыстарды алуына ықпал етіп, жалпы қамқоршылық көрсеткен”, – делінген хабарламада.
Нұржан Әлтаев Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмеді.
Еске салайық, бұған дейін Нұржан Әлтаевтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Ал бұл істе есімі аталған Абылай Мырзахметовке 30 миллион доллар пара алды деген күдікке ілінген.