«Орыстардан құтыла аламын деп ойлайсың ба?»: Орынборда жасөспірім скинхедтер екі адамды соққыға жыққан.
Орынборда жасөспірім скинхедтер «славяндық емес» екі ересек адамға шабуыл жасап, соққыға жыққан. Оқиға күндіз қалалық саябақтардың бірінде болған, деп хабарлайды altyn-orda.kz
Baza Telegram арнасында ұлтшыл скинхед киінген үш жас жігіттің Орынбордағы саябақта «славян емес кейіптегі» екі адамды ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланды.
Бейнежазбаға қарағанда, шабуыл жасөспірімдердің саябақта ішімдік ішкен
екі ер адамға айтқан сөздерінен басталған.
Ауызша кикілжің бірден аяусыз соққыға ұласты.
Жастар алдымен жәбірленушінің бірін жерге лақтырып, ұрып-соғып, ауыр етікпен денесінің барлық жеріне ұрып-соғып, есінен танып, қарсылық көрсетуді тоқтатқаннан кейін де үстіне секірген.
Қалай ойлайсың, орыстардан қашуға болама ? Бұл менің елім! – деп айқайлады жастар екіншісін ұрып.
Соққыдан кейін жасөспірімдердің бірі екінші жәбірленушінің бетіне түкіріп, басқа шабуылдаушылар соққыға жығылғандардың әмиянын ұрлап қашып кеткен .
Күдіктілер ұсталып үйқамаққа алынды
Қылмыстық кодекстің 111-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және 161«Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды