«Правам жоқ, енді келіншегім айдасын»: Әнші Төреғали Төреәлі әйеліне су жаңа темір тұлпар сыйлады
Атышулы әнші Төреғали Төреәлі келіншегі Толқынға автокөлік сыйлады Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Altyn-orda.kz
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышымен бөлісіп, видео жариялады. Бейнежазбадан Төреғалидің Толқынға тосый сый жасап, темір тұлпарының кілтін тапсырып жатқанын көруге болады.
“Толқын менің мән берген өміріме,
ҚұтТты болсын айтайық көлігіне.
Анамды той-думанда ап жүрсін деп
Ат мінгізіп жатырмыз келініне”, – деп жазба қалдырды Төреғали желіге жүктеген видеоның астына.
Желі қолданушылары Толқынға құтты болсын айтып, Төреғалиді қағытпа қалжыңымен өткен істі еске түсірді.
”Права кетті сотталып, қалдым енді тоқталып, тасысын деп мені өр қырға, көлік алдым Толқынға” десеңші”, “Правам жоқ, енді келіншегім айдасын де”, “Өзіңде енді көлік айдауға рұқсат болмаған соң көлікті Толқынға бердің бе”, “Жұғысты болсын маған да”, “Берекелі көлік болсын, құтты болсын”, “Тамаша! Құтты болсын! Толқынға кеме әперсең де жарасады”, – деп жазды желідегілер.