Путин 2025 жылды «нацизммен» күрес жылы деп жариялауды ұсынды
Ресей басшысы Владимир Путин 2025 жылды нацизмге қарсы күресте бейбітшілік пен бірлік жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл туралы ол ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Осылайша біз КСРО халықтарының ұлтшылдықпен күрестегі ерең еңбегін жоққа шығаруға тырысып жатқан кейбір елге нацизммен күрестегі тарихи әділеттілікті сақтап қалу үшін нақты үндеу жіберер едік»,—деді президент.
Бұған дейін Путин тарихты бұрмалау әрекеттерінің алдын алып, неонацизм, руссофобия және нәсілшілдіктің кез келген көріністерінің жолын кесу керектігін атап өтті.