Ресей қазақ студенттеріне бөлінетін гранттар санын арттырды

Биыл Ресей қазақстандық студенттерге бөлінетін гранттар санын 700-ге жеткізді, деп хабарлайды Rambler.
Білім грантының жеңімпаздары ресейлік жоғары оқу орындарында тегін оқып, жатақханадан орын және шәкіртақы алады.
Өткен жылы 500 грант бөлінсе, биыл оның саны 700-ге артқан.
«Оқу тегін, оған қоса жатақхана беріледі, студенттердің қалай оқитынына қарамастан шәкіртақы төленеді. Тіпті, үшке оқитын студенттер әлі де шәкіртақы алады», — деді Россотрудничествоның Астанадағы өкілдігінің басшысы Ольга Филонова.
Қазір Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда.
