Ресейде ислам жайлы пьеса қойған екі қыз 6 жылға сотталды
Ресейде режиссер Евгения Беркович пен драматург Светлана Петрийчук терроризмді ақтау ісі бойынша алты жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..
Бұл туралы «Осторожно, новости» тілшісі Мәскеудегі Екінші Батыс округтік әскери сотының залынан хабарлады. Сондай-ақ, театр қызметкерлеріне үш жыл бойы интернет-ресурстарды басқаруға тыйым салынды. Прокурор айыпталушылар үшін жалпы режимде 6 жыл сұраған болатын.
Беркович пен Петрийчук 2023 жылдың мамыр айында қамауға алынған. Оларға радикалды ислам өкілдеріне тұрмысқа шығуға шешім қабылдаған әйелдер туралы баяндайтын «Финист — Ясный Сокол» қойылымында терроризмді ақтау бабы бойынша айып тағылды.