Серік Сәпиевпен төбелескен балуан оқудан шығарылды ма – Колледж мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Серік Сәпиевпен жанжалдан соң балуанның бірі оқудан шығарылғанын мәлімдеген болатын. Зелімхан Мұсиханов білім алған Қазақ спорт және туризм академиясы өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Massaget.kz порталы
Қазақ спорт және туризм академиясы Зелімхан Мұсихановтың оқудан шықпағанын мәлімдеді.
«Оны оқудан шығарған жоқ. Ешқандай проблема болған жоқ. Бізде 3-курста оқиды. Соңғы жылы. Мамандығы дене шынықтыру мұғалімі. Қазір практикада жүр», — деді колледж өкілі.
Бұған дейін Аида Сатыбалдинова Серік Сәпиевпен болған жанжалдан кейін Зелімханды спорт колледжінен шығару туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.
«Басында оның ағасын, ата-анасын жұмыстан шығарған. Әрине анық көзім жетпегендіктен 100% сенімді түрде айта алмаймын. Қайта Мусихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман араға түсіп Зелімханды оқуда қалдыруды сұраған. Бұл оқиға үшін жас жігітті оқудан шығару ақымақтық.», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.