Тоқаев Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды», — делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада. Лаки Кесоглу – кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.
Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.