[:kz]
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін АҚШ-қа арнайы барды. Іссапар барысында Microsoft, Coursera, StartX, Amazon, Pfizer, Medtronic, Netflix секілді ірі компания басшылары және АҚШ-тағы қазақ жастарымен кездесу өткізді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Жастармен кездесу барысында Президенттің «Google» компаниясында қызмет атқаратын қазақ қызмен жүргізген сұхбаты ел назарына іліккен.
— Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде компьютер саласынан бакалавр дәрежесін алып, 2018 жылы Сан-Францискоға келдім. Бірқатар стартап компанияларда жұмыс істедім. Бүгінде «Google» компаниясында виртуалды машиналар бағдарламашысы болып келемін, — деді жас маман.
Ел президенті қазақ қызынан «Google» компаниясындағы қызметінің ұзақ не қысқа мерзімді екендігін сұрай келе:
-Елге қайтып келсеңіз сізді көмекке шақырамын. Байланыста боламыз ғой, енді. Америка деген жақсы, бірақ қызметіңізді Қазақстан мүддесіне істеңіз, — деп жауап қатады.
Естеріңізге сала кетейік, ел басшысы АҚШ-та энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды ортаға салып, екіжақты келісөздер жүргізіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Адырна» ұлттық порталы
[:]