Бакудa ұсталған ресейліктер: бағдарламашылар, кәсіпкерлер мен психологтар туралы не белгілі

Бакуде сегіз Ресей азаматы ұсталып, қамауға алынды. Жергілікті билік оларды есірткі контрабандасы мен киберқылмыстарға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптап отыр. Сот олардың әрқайсысын төрт айға қамауға алу туралы шешім шығарды деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Бұл туралы Әзербайжанның мемлекеттік БАҚ  беттері хабарлады. Сот залынан тараған кадрларда кейбір ұсталғандардың денесінде соққы іздері байқалады. Бұл жағдай Ресей мен шетелдің әлеуметтік желілерінде қызу талқыланып жатыр.

BBC мәліметінше, ұсталғандардың арасында «Роснефть» пен «Газпромнефть» сияқты ірі ресейлік компаниялардың бұрынғы қызметкерлері, IT-мамандар, психологтар мен кәсіпкерлер бар. Олардың көпшілігі Ресейден 2022 жылы Украинадағы соғыс пен кейінгі мобилизациядан кейін кеткен.

Ұсталғандардың арасынан ресми түрде жеті адамның аты-жөні белгілі.

Солардың бірі – 23 жастағы Череповец қаласының бағдарламашысы Сергей Софронов. Оның жеке басын анасы — Мария Сергеевна Софронова журналистерге растады.

Қамауға алынғандардың туыстары мен жақындары олардың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтады. Олардың сөзіне қарағанда, бұл азаматтар қарапайым өмір сүріп, қашықтан жұмыс істеп жүрген және есірткіге де, басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы болмаған.

Тергеу тарабы ресейліктер Ираннан Әзербайжан аумағына есірткі тасымалын ұйымдастырған деп мәлімдеді. Сонымен қатар, оларды интернеттегі заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген нұсқа да айтылды.

Аталған жағдай адам құқықтарын қорғаушылардың назарын аударып, сарапшылар арасында алаңдаушылық тудырды. Бұл жаңалық жарияланған сәтте ресейлік тараптан ресми мәлімдеме болған жоқ.