Ақбота Керімбекова концертіне келген бұрынғы енесіне сәлем салды (видео)

Әнші Ақбота Керімбекова желтоқсан айының басында жеке кешін өткізген болатын. Әншінің Алматыда өткен кешіне бұрынғы енесі келген. Бұрынғы жұбайының анасын көріп, сәлем берген Керімбековаға желі қолданушылары риза болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«О, менің апам келді ғой. Менің енем, қошеметтеп қойыңыздар. Рахмет, апа», — деп әнші сахнада енесіне сәлем салады.

Бұл жағдайды көрген желі қолданушылары әншіге разылығын білдіріп, алғыс айтты. «Енесі іздеп келсе, Ақбота жақсы келін болғаны ғой», «Ақбота не деген жүрегі кең адамсың?», «Жарайсың, Ақбота. Ол кісілердің кінәсі жоқ. Балалардың әжесі ғой», «Ақылды ана. Өнерің өрге домаласын», «Қошемет көрсетті. Тату болған жақсы ғой». «Ақботаның жеке өмірін талқыламаңыздар. Әндерін сүйіп тыңдаймын. Жүрекке жеткізіп айтады», «Ақбота жақсы болмаса, енесі іздеп келеді ме?», «Бұл сыйластық деп аталады», — деп жазды желі қолданушылары. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Керімбекова осыған дейін ұлдарының әкесімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Әнші үш ұлының әкесімен араласуына еш кедергі болмайтынын мәлімдеген болатын

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚАЗАҚСТАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ (@kaz.stars)

kaz.nur.kz/