Қорлықтан кейінгі қорлық па? 17 жыл құлдықта болған қыздарға қатысты фото тарады

Әлеуметтік желіде 17 жыл бойы туған аға-жеңгесінің қолында құлдықта болған апалы-сіңлі  бірінің қол-аяғы мен аузы скотчпен байланғаны көрінетін фото тарады. Бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды деп хабарлайды  altyn-orda.kz

Жайтты журналист Руслан Өтепбай жариялап, қамқоршының уәжі сенімсіз екенін айтты. Ол құқық қорғау органдарын істі шұғыл тексеруге шақырды.

Жамбыл облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

Қыздардың қазіргі қамқоршысы Зүлфия Төленова фотосуретке қатысы жоғын айтып, бұл жағдайдан бейхабар болғанын жеткізді. Алайда желі қолданушылары оның сөзіне күмән келтіріп, қыздардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруде.

Еске салсақ, Құндыз бен Назгүл бұған дейін Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта ұсталған. Қазіргі таңда олардың тағдыры ресми органдардың бақылауында.

ТегтерҚорлық