Иран СІМ басшысы: АҚШ ұрыс алаңында жеңілді

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-қа қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Оның айтуынша, Вашингтон ұрыс алаңындағы сәтсіздіктеріне қарамастан, Иранның табандылығын сынап көруге тырысқан.
«Біздің қуатты Қарулы күштеріміз бізге жасалған шабуыл мен қоқан лоқыны жауапсыз қалдырмайды», — деп мәлімдеді Аракчи.
Иран тарапы бұл мәлімдеме арқылы АҚШ-қа қысым мен әскери қоқан-лоқының нәтиже бермейтінін аңғартты.
Тегеран кез келген агрессияға жауап беруге дайын екенін алға тартты.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай мәлімдемелер аймақтағы жағдайдың әлі де күрделі екенін көрсетеді.
Сонымен қатар АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер төңірегінде түрлі ақпараттар таралып жатыр.
Соңғы деректерге қарағанда, тараптар атысты тоқтату және ядролық келіссөздерді жалғастыру мәселелерін талқылап жатыр.










