Мәскеу дрон шабуылына ұшырады: мұнай өңдеу зауыты зақымданды

Мәскеу тағы да дрондардың нысанасына ілікті, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.
Ресейлік дереккөздердің мәліметінше, қалаға қарай ұшқан бірнеше ұшқышсыз аппарат әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген.
Дегенмен шабуылдан кейін Мәскеудің кейбір аудандарында төтенше қызметтер жұмыс істегені хабарланды.
Әсіресе Капотня ауданындағы мұнай өңдеу зауыты маңында жағдай күрделенген.
Бұл нысан Ресей астанасы үшін стратегиялық маңызы бар өндіріс орындарының бірі саналады.
Ресей билігі зардап шеккендер туралы нақты ақпарат таратқан жоқ. Мәскеу әуежайларында да уақытша шектеулер енгізілгені айтылды.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай шабуылдар Ресей үшін соғыстың енді тек майдан шебімен шектелмейтінін көрсетіп отыр. Бұрын дрон соққылары негізінен шекара маңындағы өңірлерде тіркелсе, қазір Мәскеудің өзі де қауіпсіз аймақ болмай қалды.
Бұл оқиға Ресейдің әуе қорғаныс жүйесіне қысым күшейіп жатқанын және Украинадағы соғыстың салдары Мәскеуге дейін жеткенін аңғартады.
Джеки Чан Маңғыстауда кино түсіріп жатыр
16.06.2026, 12:39Семейдегі Telegram-чатта қазақтарға тіл тигізгендер тексеріліп жатыр
15.06.2026, 12:31
Соңғы жаңалықтар
-
Мәскеу дрон шабуылына ұшырады: мұнай өңдеу зауыты зақымданды
16.06.2026, 14:17 -
Джеки Чан Маңғыстауда кино түсіріп жатыр
16.06.2026, 12:39 -
Семейдегі Telegram-чатта қазақтарға тіл тигізгендер тексеріліп жатыр
15.06.2026, 12:31 -
Қазақстандық триатлоншылар Азия чемпионатында екі алтын алды
15.06.2026, 12:08 -
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы бойынша келісімге келді
15.06.2026, 11:31 -
Қазақстан әлемдегі алтын өндіретін жетекші 15 елдің қатарына кірді
13.06.2026, 14:12
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










