Қытайлық компания Абай облысында алюминий зауытын салуды жоспарлап отыр.

Жоба Мақаншы ауданында жүзеге асырылмақ. Абай облысының әкімдігі мен Қытайдың Liaoning Jiachen Holding Group және Xinjiang Sanbao Industrial Group компаниялары арасында меморандумға қол қойылды деп хабарлайды  Altyn-orda.kz

Зауыт құрылысына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция тарту көзделген. Жоба инвесторлардың өз қаражаты есебінен іске асады.

Зауыт ашылса, өңірде жаңа жұмыс орындары құрылып, Абай облысының өнеркәсіптік әлеуеті артады.

 
Жалпы, Қытай компаниялары Абай облысына 2,5 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл қаржы көлік-логистика, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және басқа да маңызды салалардағы жобаларға бағытталмақ.