Ақтауда облыстық балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған ер адам бейнеүндеу жариялап, оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Lada.kz.ке сілтеме жасай отырып
Шаншархан Абдухалимнің айтуынша, 19 қазанда ұлының іші қатты ауырып, дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілген. Жедел жәрдем баланы соқырішек қабынуына күдікпен ауруханаға жеткізген.
Әкесінің сөзінше, ауруханада баласын тексерту үшін ұзақ уақыт күтуге тура келген. Алғашқы қан талдауы лейкоциттер деңгейінің жоғары екенін көрсеткенімен, дәрігерлер баланы үйіне қайтармақ болған.
«Мен бұған келіспей, қайта талдау жасауды талап еттім. Нәтижесінде баламды ауруханаға қалдырды. Келесі күні басқа хирург тексеріп, ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота сәтті өтті», – дейді ол.
31 қазанда баласының іші қайта ауырған соң, әкесі оны облыстық балалар ауруханасына алып келген. Сол жерде бұрын келіспеушілік туындаған хирургпен қайта кездескен.
Ер адамның айтуынша, дәрігердің өзіне деген қарым-қатынасы ұнамаған. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал шыққан.
Шаншархан Абдухалим өзінің әрекетін ұлының денсаулығына қатты алаңдап, оны жоғалтып алудан қорыққанымен түсіндірді.«Ұлымнан айырылып қаламын деп қорықтым»: Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әке оқиғаның себебін түсіндірді
Бұған дейін облыстық балалар ауруханасы оқиғаға қатысты өз нұсқасын жариялаған болатын.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

