Абай облысының логотипі сынға ұшырады
Белгілі ақын Мерей Қарт Абай облысының логотипін сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Айтуынша, ол Абай облысы әкімдігінің сараптама комиссиясының ресми шешіміне сәйкес бекітілген.
«Жә, бұл өлке білімі жетілген, ғылымы озық, әдебиеттің, мәдениеттің мекені, Алаштың қаласы деп рухтанамыз! Логотип талаптары обылстың мәнін ашу деп ұғатынмын. Бір қарасаң, логотип ештеңе шешпейді, түкке пайдасы жоқ деп те ойлайсың. Енді бір қарасаң, басқа облыстардан кембіз бе деген сұрақ туады?!
Байқауға қатысқан логотиптер қоғам назарына ұсынылды ма екен?! Қалай таңдалды?!
Бекітілген логотипке кәсіби мамандар, көзі ашық ағайын не дейсіздер?! Біз бірдеңе түсінбейміз бе, әлде санамызға жетпей ме, ұқпадым?!
Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев мырза, жөн-жосығы қалай екенін, логотип қандай мән-мағына үстейтінін, сипаттамасын, авторын, халыққа толықтай айтып өтсеңіздер деген өтініш бар.
Көпшілік назарына байқауға қатысқан басқа да жұмыстар ұсынылса, халық болып таңдау мүмкіндігі туса, бәлкім керемет бір жоба өтпей қалған шығар?! Кім білсін?!
Жаңадан құрылған облыс болған соң барлық әлеуметтік, қоғамдық жұмыстардың барлығы сын көтеру керек, Абай облысы деген биік мәртебеге лайық болсақ деген ниет біздікі!»—деп жазды ол.