«Ноғаев, су қайда?»: Ақтау тұрғындары көпқабатты үйдің төбесіне плакат іліп қойды.

Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғындары көпқабатты үйге «Ноғаев, су қайда?» деген жазуы бар плакат іліп қойған фотолар мен видеолар тарап жатыр, деп хабарлайды   altyn-orda.kz     .

Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Шенеуніктер постерді сол күні кешке KСK қызметкерлері алып тастағанын айтты.
Тиісті мекеме басшылары 4-шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін ресми парақшамызда ұңғымаларды жөндеуге байланысты су өшіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.
Қызметкерлер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, қазіргі уақытта су беруді қалпына келтіруге мүмкіндік туды, — деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Осыған қарамастан Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram чатында кейбір шағын аудандарда судың жоқтығы туралы азаматтардан арыз-шағымдар түсіп жатыр.

Өз кезегінде, МАЭК қалаға ауыз және техникалық суды жеткізу өз тарапынан шектеусіз жүргізілетініне сендіреді. Басқа сұрақтар бойынша Ақтау қаласының тұрғындарынан ЖЭК/ҚСК хабарласуларын сұрайды .