БҚО-да мектеп оқушысы қатарласын амандаспағаны үшін ұрып өлтірген
Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз сыныптасын ұрып өлтірді, деп хабарлайдыArbat.media. Астана арнасына сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлері марқұм жеткіншектің оған дұрыстап амандаспауынан соққыға жығылғанын айтып отыр. Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол жұмсапты. Алған соққының қатты тигенінен 9-сыныптың оқушысы Дияр Досқали тілге келмей оқиға орнында көз жұмған.
Оның жақын туысы Диястың айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырып сөзбен тиісіп, кейін қол көтерген көрінеді.
Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті, – дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.
Диярдың қайғыдан қан жұтқан туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Қазіргі уақытта полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, – дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Лунара Аманғалиева.