Бүгін — Жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін, 12 маусым күні Қазақстанда Абай облысындағы ірі орман өрті салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні жарияланды. Төтенше жағдай салдарынан 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 8 маусымда Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған.
9 маусымда Абай ауданындағы табиғи өртті сөндіру жөніндегі штаб өртті сөндіруге қатысқан «Семей орманы» резерватының 14 орман шаруашылығы қызметкерінің байланысын тоқтатқанын хабарлады. Оқиға орнында іздестіру шаралары басталды. Осы ретте Семейде жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Табиғи төтенше жағдайларды жою жөніндегі штабтың басшысы болып қала әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тағайындалды