“Революцияға дейін қазақ және өзбек ұлты болған емес” — Ресей тарихшысы
Ресейлік тарихшы Михаил Смолин «Место встречи» ток-шоуында 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар да, өзбектер де ұлт ретінде болмағанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
НТВ арнасында тарихшы 1917 жылғы революцияға дейін «мүлдем» өзбектер мен қазақтар болмағанын айтты.
«Қазақстан қалай пайда болды? Расында, алғашында КСРО құрамында Казак АКСР деп аталды, қазақтар мүлдем болмаған. Одан кейін Казақ АКСР құрамында Қырғыз КСР құрылды, одан кейін КСРО құрамынан бөлініп шықты. Онда ұлттардың құрылуы туралы шешімдер осылайша ерікті түрде қабылданған. Мысалы, өзбектер революцияға дейін болмаған, тіпті ондай этникалық атау болмаған. Соны алып, бірнеше Орталық Азия халықтарынан өзбектерді құрды», — деді Смолин.
Бұған дейін, Ресейлік тележүргізуші әрі продюсер Тина Канделаки де Қазақстандағы теміржол вокзалдарының атауын өзгертуді сынап, елде орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстыру баяу, бірақ сенімді түрде жалғасып жатқанын айтты. Бұдан кейін қазақстандық журналист Динара Сәтжан арандатушылық мәлімдемеге жауап беріп, «өз дегенімен басқа біреудің «хандығына» араласпау керектігін» атап өтті.
Осыдан кейін Канделаки тағы үнсіз қалмай, қазақ халқына Ресейдің Қаңтар оқиғасы кезіндегі көмегін еске салды. Айта кету керек, енді оған Қазақстанға кіруге тыйым салынбақ.