Астанада Қазақстанның төңкерілген туы желбіреп тұр

Астанадағы «Отан қорғаушылар» алаңында Қазақстанның төңкерілген Мемлекеттік Туы желбіреп тұр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл келеңсіз көріністі жергілікті тұрғындар байқап қалған.
«Астана қаласындағы Қажымұқан көшесі. «Отан қорғаушылар» алаңында орналасқан Мемлекеттік ту төңкеріліп тұр. Жолдың қарсы жағында тұрып суретке түстік», — деп жазған бұл жағдайдың куәгерлері.
Еске салайық, биылғы қаңтарда Қазақстан мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін салынатын айыппұл көлемі артқан болатын. Қазір бұл құқықбұзушылық үшін 3 мың АЕК (2023 жылы – 10 млн 350 мың теңге) көлемінде айыппұл салу көзделген.
Сондай-ақ тәртіп бұзушы 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.
