Елімізде әскерге барудан жалтарған төрт мың азамат жауапқа тартылды
Елімізде 30 мыңнан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана арнасының хабарлауынша, былтыр әскерге барудан жалтарып, есепке алу құжаттарын қасақана бүлдірген немесе жоғалтқан 4 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылған.
Жыл сайын әскер қатарына 34 мың сарбаз алынады. Бұрын сапқа тұруға барлығы асығатын. Қазір көзқарас өзгерген. Әскерге барудан жалтарып жүрген жастарды, үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Айыппұл салынады, қоғамдық жұмысқа тартылады.
«Жергілікті әскери органның шақыртуы бойынша азамматтың келмеуі 5 АЕК айыппұл салынады. Ал әскерге шақырылушы әскерден бірнеше рет жалтаратын болса 1000 АЕК дейінгі айыппұл, не болмаса 400 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 1 жылға дейін бас бостадығынан айырылады», — деді ҚР ҚК Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев.