Хоккейден Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік он бестіктің қатарында

Хоккейден Қазақстан Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының жаңартылған рейтингі бойынша үздік он бестіктің қатарына кірді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылғы әлем чемпионатынан соң Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) командалар рейтингін жаңартты. Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 3305 ұпаймен 15-орында тұр. Рейтинг көш басында Канада құрамасы тұрса, екінші орында Ресей, үшінші орында Финляндия орналасқан. Чехия мен Швейцария командалары алғашқы бестікке енді. Әлем чемпионатында қазақстандықтар екі ойында жеңіске жетіп, қалған матчтарда қарсыластарға есе жіберген болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалған еді.