Қабатовтың әйелінің басы тағы да дауға қалды
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова осы күні эфирден түспейтін болған. Күйеуімен бірге телеарнада бағдарлама жүргізеді. Сонымен қатар жиі сұхбат беріп тұрады.
Сондай сұхбаттарының бірінде ол күйеуін «Тұрсеке» деп айтамын деп жұрттан сөз естіді, деп хабарлайды Экспресс К.
Мөлдірден «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасының жүргізушілері сұхбат алған. Әңгіме барысында ол күйеуі Тұрсынбек Қабатовты «Тұрсеке» деп қайталап айта береді. Ал оның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды.
«Тұрсеке» деген бір түрлі екен», «Тұрсеке» деп емес, «Тәке» дегеніңіз дұрыс», «Әйтеуір, труси демеген екен», «Қылықтары өзіне сай емес, салмақты болу керек», «Қылығы да ерсілеу көрінді», «Тым жасанды», «Тағы бір данышпан пайда болды»
— деген пікірлер бар.