Қайрат Нұртас әйелінің туған күніне су жаңа темір тұлпар сыйлады (видео)

Әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күніне су жаңа темір тұлпар сыйлады.
Бұл жайлы айтыскер Сара Тоқтамысова Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
35 жасқа толған хитменнің әйелі шоу-бизнес өкілдерін шақырып, туған күнін жасаған.
«Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы», — деді Сара Тоқтамысова су жаңа көлікті көрсетіп. Сонымен қатар Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова туған күн барысында торт кесті. «Жұлдыз әрқашан бақытты бол. Жұлдызың әрқашан жана берсін», — деп жазды Маржан Арапбаева желідегі парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
