Қайрат Сатыбалды 1000 гектарға жуық жерді мемлекет меншігіне қайтарды
Қайрат Сатыбалды Қосшыдағы 1000 гектарға жуық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мемлекет басшысының қабылдауында мәлімдеді. Оның айтуынша, экс-президенттің інісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында 2024 жылдың басынан бері бюджетке 82,6 миллиард теңгеге (185 миллион доллар) қайтарылған.
“Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Олардың нарықтық құны 13 млрд теңгеден асады», – делінген хабарламада.
Жалпы 2023 жылы мемлекет пен квазимемлекеттік секторға 1 триллион теңгеден астам (2,2 миллиард доллардан астам) мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылғаны туралы жазған едік.