Қазақ боксындағы трайбализм
Күні кеше бокстан Азия чемпионаты басталды. Қазақ үшін номері бірінші спорттан ел атынан шығатын боксшылар тізімін көріп шошыдым. Шошыдым деген артық болар, қазақ боксындағы баяғы жершілдік, рушылдық әлі тоқтамағанын көріп жағамды ұстадым.
Тізім белгілі болғанда-ақ құраманың 60 пайызы ел атынан шығуға лайық емес дегенмін, себебі елде одан да мықтылары бар екенін білеміз…
Солардың бірі әрі бірегейі — Санатәлі Төлтаев! 63.5 келіде елімізде Санатәліні, тіпті әлемде көп боксшыны артқа тастайтын қырғыз Мұхамедсабыр Базарбайұлы бар. Астанадағы турнирде финалда осы Санатәлінің талқанын шығарған. Бірақ Азияға бәзбіреулер Санатәліні сүйреп шығарды. Мұхедсабыр қырғыз болғаны үшін де құрамаға ілінбеген шығар….
Шығарған Санатәлі бүгін өзбектен таяқ жеп жарысты ерте аяқтады.
Кезінде Біржан Жақыпов, Абылайхан Жүсіповтер көрінген жарыстан қалмайтын, солардың ізін ағайынды Төлтаевтар мен Оралбайлар жалғап отыр…
Журналист Айдос Рымқұлдың facebook парақшасынан